Accessibility links

Жапонияда цунами құрбандарын еске алды


Жапония императоры Акихито мен императрица Митико жер сілкінісі мен цунами құрбандарына арналған мемориал алдында тұр. Токио, 11 наурыз 2012 жыл.
Жапония императоры Акихито мен императрица Митико жер сілкінісі мен цунами құрбандарына арналған мемориал алдында тұр. Токио, 11 наурыз 2012 жыл.
Жапония бүгін осыдан екі жыл бұрынғы күшті жер сілкінісі мен цунамиден қаза тапқан адамдарды еске алды. Император Акихито мен императрица Митико Токиода апат құрбандарына арнап тұрғызылған ескерткішке барды.

2011 жылдың 11 наурызында Жапонияның солтүстігінде ел тарихындағы ең қуатты зілзала - 9 балдық жер сілкінісі болған еді. Жер сілкінісінен соң күшті цунами көтеріліп, жағалаудағы елді мекендерді түгелдей шайып кетті. Апаттан 190 мыңнан астам адам опат болды. Цунамиден Фукусимадағы атом электр станциясы да зардап шегіп, апат болған аймақтан 100 мыңнан астам адам көшірілді.

Табиғат апатының салдарынан әлі 300 мыңдай адам баспанасыз жүр.
XS
SM
MD
LG