Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев мұны "Қоғамдық телеарнадан" сөйлеген сөзінде айтқан.
Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, ол "Қытайда басқарушы элита 10 жыл сайын ауысып тұрады. Ал бізде 1995 жылдан бері әлі саясатта жүргендер бар" деген.
Ол өз сөзінде президенттік мерзімі аяқталғанша жаңа саяси элитаның қалыптасуына үлес қосатынын айтқан. Оның болжамы бойынша, саясаттағы жаңа тұлғалар келесі парламент сайлауына дейін пайда болмақ. Атамбаев бұған қоса білімді жастардың көпшілігі шетелде тұрып жатқанын айтып, оларды елге шақыру қажет деген.