Accessibility links

Брюссельде ЕО саммиті басталды


Саммитке жиналған ЕО елдерінің басшылары. Брюссель, 14 наурыз 2013 жыл.
Саммитке жиналған ЕО елдерінің басшылары. Брюссель, 14 наурыз 2013 жыл.
Брюссельде Еуропа Одағы (ЕО) елдері басшыларының екі күндік саммиті басталды. ЕО басшылары саммитте қазіргі экономикалық дағдарыстан шығу бағдарламасының кемшіліктері мен әлсіз тұстарын талқылайды.

ЕО-ның қатаң экономикалық саясаты қаржы дағдарысынан шығуға бағытталғанымен, ол өз экономикасын қалпына келтіруге тырысып жатқан кейбір елдерге кері әсер еткен. ЕО басшылары саммитке жиналып жатқанда Брюссельде мыңдаған адам одақтың қатаң экономикалық саясатына қарсылық танытып, шерулер өткізді.

ЕО басшылары бұған қоса Сириядағы жағдайды талқыламақ. Франция президенті Франсуа Олланд саммит қарсаңында ЕО-ның Сириядағы көтерілісшілерге қару-жарақ жеткізуге салған эмбаргосын алып тастау мәселесін көтеретінін айтқан.
XS
SM
MD
LG