Accessibility links

Қазақстан мәнерлеп сырғанаудан ӘЧ-де күміс алды


Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен
Қазақстандық 19 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Канаданың Лондон қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.

15 наурызда Денис Тен қысқа және еркін бағдарламаның қорытындысы бойынша 266,48 ұпай жинап, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Алтын медальды 267, 92 ұпай жинаған канадалық Патрик Чан иеленсе, қола жүлдені испаниялық Хавьер Эрнандес жеңіп алды (249,06 ұпай). Осы жарысқа қатысқан тағы бір қазақстандық Абзал Рақымғалиев 28-орында қалды.

Бұл – Қазақстанның мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында иеленген алғашқы жүлдесі. Ал Денис Тен 2011 жылы Астана мен Алматыда өткен қысқы Азия ойындарында чемпион атанған еді.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    Азаттықтың Прагадағы кеңсесінде қазақ тілінде редактор. Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің репортері. Сочи, Рио, Пхенчхан олимпиада ойындарынан, Джакартада өткен Азия ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG