Accessibility links

Алматыда декреттік төлемді қысқартуға қарсы жиын өтті


Декреттік төлемді қысқартуға қарсылық білдірген жиын. Алматы, 16 наурыз 2013 жыл.
Декреттік төлемді қысқартуға қарсылық білдірген жиын. Алматы, 16 наурыз 2013 жыл.
Алматыда "Сарыарқа" кинотеатрының артында әйелдердің декреттік төлемін қысқартуға қарсылық білдірген рұқсат етілген жиын өтті.

Бірнеше ондаған адам жиналған шарада жалғызбасты аналар, алимент көлемін ұлғайту және әйелдердің іскерлікпен айналысуына қатысты мәселелер де айтылды. Жиналғандар өздері талабы жазылған плакаттар ұстап тұрды.

Шараға жиналғандар еңбек және халықты әлеуметтік қорға министрі Серік Әбденовтің декрет төлеміне қатысты "мекемеде қаражат жоқ" деген сөзін айыптады. Олар туу көрсеткішіне байланысты қаражат үнемдеу демографияға кері әсер етуі мүмкін екенін айтты.
XS
SM
MD
LG