Accessibility links

Венгрияда конституцияны түзетуге наразылық танытты


Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан. Брюссель, 2 наурыз 2013 жыл.
Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан. Брюссель, 2 наурыз 2013 жыл.
Венгрия астанасы Будапеште 3 мыңға тарта адам конституцияға түзету енгізілуіне наразылық танытты. Шерушілер Еуропа Одағы мен оппозицияның туын, премьер-министр Виктор Орбанды "Виктатор" деп кекеп жазған плакаттар ұстап шықты.

Оппозицияның қарсылығы мен халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығына қарамастан бір апта бұрын конституцияға түзету енгізілген еді. Түзетулер конституциялық соттың құзыретін шектеп, сот соңғы бірнеше айда жарамсыз деп тапқан баптарды қайта енгізу үшін жасалған.

Наразылық танытушылар премьердің "Фидес" партиясы қолдаған түзетулер елдің жоғары білім, отбасы, баспанасыздық және сайлау заңнамаларын қатаңдатуға бағытталған деп санайды.

Ал премьер-министрдің өзі таяуда енгізілген түзетулер еуропалық заңнамаларға қайшы келмейтінін айтады.
XS
SM
MD
LG