АҚШ президенті Барак Обама Иранды ядролық бағдарламасына байланысты халықаралық қауымдастықпен арадағы шиеленісті жедел реттеуге шақырды.
"Қазір - Иран үкіметінің шиеленісті азайтып, ядролық бағдарламасына қатысты проблеманың түйінін шешетін уақыты" деді ол телеарнадан сөйлеген сөзінде.
Барак Обама "егер Тегеран аталған қадамдарға баратын болса, онда ирандықтар басқа елдермен, оның ішінде АҚШ-пен кең ауқымды қарым-қатынас пен сауда-саттықтың пайдасын көре бастайтынын" айтты.
Осы аптаның соңына қарай Барак Обама Израиль мен Иорданияға барады. Онда Иранның ядролық бағдарламасы күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі болады деген болжам айтылды.