Accessibility links

Ирак соғысында 150 БАҚ өкілі қаза тапқан


АҚШ әскерінің Кувейт жағынан Ирак территориясына еніп келе жатқан беті. 21 наурыз 2003 жыл.
АҚШ әскерінің Кувейт жағынан Ирак территориясына еніп келе жатқан беті. 21 наурыз 2003 жыл.
19 наурызда АҚШ бастаған коалиция күштерінің Иракқа қарсы әскери қимылына 10 жыл толды. Осы оқиғаға орай халықаралық "Журналистерді қорғау комитеті" (Committee to Protect Journalists) ұйымы 2003-2001 жылдары Ирактағы соғыс қимылдары кезінде 150 журналист пен бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өкілдерінің қаза тапқанын хабарлады.

Ұйымның есебі бойынша, 2003 жылы соғыс басталған наурыз айы мен 2011 жылдың желтоқсанына дейінгі аралықта журналист, оператор мен олардың көлік жүргізушілерін қоса алғанда 150 адам мерт болған. Бұл - аталған мерзім аралығындағы басқа аймақтармен салыстырғандағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Ирактан АҚШ пен оның одақтастары шығарылған 2011 жылдан бері елде жалпы зорлық-зомбылықтар азайғанымен, жарылыстар мен жанкештілердің өз-өзін жарып жіберу оқиғалары жиі болып тұрады.
XS
SM
MD
LG