Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
AzattyqTV
11 – 16 наурыз 2013 жыл
19 наурыз 2013 жыл, 13:14
Өткен аптаның сурет баяны
1
АҚШ-тың Модесто қаласында каратэнің годзю-рю стилі бойынша әлем чемпионаты аяқталды. Осы жарысқа қатысқан Қазақстан құрамасы тоғыз алтын медаль алып, жалпы командалық есепте бірінші орын иеленді. Суретте: Әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшылар мен жаттықтырушы Нұрлан Керімбаев (ортада). Модесто (АҚШ). Наурыз, 2013 жыл.
2
Жалпы командалық есепте годзю-рю стилі бойынша каратэдан әлем чемпионатында екінші орынды АҚШ, үшінші орынды Мексика алды. Суретте: Жеңіске жеткен қазақстандық спортшы Нұрдәулет Бекзат төрешілерге ізет білдіріп тұр. Модесто (АҚШ). Наурыз, 2013 жыл.
3
Наурыздың 13-інде Алматыда LANSKY, GANZGER & PARTNER заңгерлері: «Вена соты Қазақстан тарапынан Рахат Әлиевке тағылған «банкирлер Айбар Хасенов пен Жолдас Темірәлиевтің өліміне қатысы бар және шетелде заңсыз ақша операцияларымен айналысқан» деген айыптарды негізді деп тапты» деген мәлімдеме жасады. Суретте: Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев. Алматы. 30 мамыр 2007 жыл.
4
Наурыздың 11-інде Алматы облысы Ескелді ауданындағы екі кенттің тұрғыны «жабайы базарларды» жауып, қоқыс үйінділерін тазалауды және жолдарды жөндеуді талап етті. Суретте: Қарабұлақ ауылының тұрғындары наразылық шарасы кезінде. Алматы облысы, 11 наурыз 2013 жыл.
5
Қоқыс полигонында жайылып жүрген мал. Алматы облысы, 11 наурыз, 2013 жыл.
6
Ақтөбеде туберкулездің ашық формасымен ауыратын адамдар тізімі қалалық әкімдік сайтында жарияланды. Қалалық тұрғын үй секторының меңгерушісі Жанаргүл Дүйсекенова: «Сайттағы тізім ең алдымен пәтерден үміттілердің өздері үшін қажет. Тізімді жариялағандағы тағы бір мақсатымыз – сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу болатын» дейді.Суретте: Ақтөбедегі облыстық туберкулез диспансерінің сыртқы көрінісі. Ақтөбе, 14 наурыз 2013 жыл.
7
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің басшылығы екі студентін оқу орын ғимаратындағы «ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті алдында, жаңа үстелдің үстінде» Harlem Shake биін билеп, интернетке жариялағаны үшін оқудан шығарды. Суретте: Harlem Shake биін билеп жүрген қарағандылық студенттер.
9
Наурыздың 16-сында «Сарыарқа» кинотеатрының маңында декреттік төлемнің қысқаруына қарсы рұқсат етілген наразылық жиыны өтті. Алматы, 16 наурыз 2013 жыл.
11
Наурыздың 16-сында Алматыда Қазақстанның Кеден одағынан шығуы, жекешеленген банк пен кәсіпорындардың кейбірін мемлекетке қайтару, АЭС және ядролық қалдық банкін салуға қатысты референдум өткізу жөнінде жалпы республикалық жиын өтті.
11 – 16 наурыз 2013 жыл
Recommended
Ақтөбе полициясы кепілдегі адамдарды босатып, күдіктіні ұстаған
XS
SM
MD
LG