Accessibility links

Египетте Каддафидің туысы ұсталды


Ливияның бұрынғы президенті Муаммар Каддафи.
Ливияның бұрынғы президенті Муаммар Каддафи.
Египеттің қауіпсіздік қызметі Ливияның бұрынғы президенті Муаммар Каддафидің жақын туысы Ахмед Каддаф әл-Дамды тұтқындады. Қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, ол сейсенбіде Каирдегі үйінде күзетшілері мен қауіпсіздік күштері арасындағы атыстан соң ұсталған. Әл-Дамнан өзге сейсенбіде Ливияның Каирдегі елшісі мен Каддафи режимінің басқа да белгілі адамдары ұсталған.

Әл-Дам Триполидің Каирдегі арнайы өкілі болған. Ол 2011 жылы Муаммар Каддафи қаза тапқан соң-ақ Египетке кетіп қалған.

Интерполдың хабарлауынша, Ливия билігі оны жалған ақша жасады, алаяқтықпен айналысты деп айыптап отыр. Ол Ливия іздестіріп жатқан бұрынғы биліктің ондаған офицерлерінің қатарында.
XS
SM
MD
LG