Accessibility links

Карзай, Рахмон және Бердімұхамедов теміржол жайлы келісті


Ауғанстан президенті Хамид Карзай мен Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов. Кабул, 28 сәуір 2008 жыл. (Көрнекі сурет)
Ауғанстан президенті Хамид Карзай мен Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов. Кабул, 28 сәуір 2008 жыл. (Көрнекі сурет)
Ауғанстан, Тәжікстан және Түркіменстан президенттері Ашғабатта бас қосып, осы үш елді жалғайтын жаңа теміржол құрылысын салу жайлы меморандумға қол қойды.

Ұзындығы 400 километр болатын жаңа теміржол ауғанның Акина-Андха, түркіменнің Атамурад-Ымамназар және тәжіктің Пяндж жол бөліктерін қосады.

Түркіменстан құрылысты биыл шілде айында бастап, жолдың ауғандық бөлігін де төсеп шықпақ.

2011 жылдың соңында Ауғанстаннан Өзбекстанға 75 километрлік теміржол желісі тартылған еді.

Бейсенбі күні Ауғанстан президенті Хамид Карзай, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Иран президенті Махмуд Ахмадинежад, Пәкістан президенті Асиф Али Зардари төртеуі Ашғабатта наурыз мейрамына байланысты өтетін мерекелік шараға қатыспақ.
XS
SM
MD
LG