Accessibility links

Өзбек сенаторы: Ислам Каримовтың халі жақсы


Өзбекстан президенті Ислам Каримов.
Өзбекстан президенті Ислам Каримов.
Өзбекстан парламентінің сенаторы Светлана Ортикова президент Ислам Каримовтың денсаулығы нашарлады деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұған дейін қуғындағы өзбек оппозициясының веб-сайттары Ислам Каримовтың өткен аптада инфаркт алғаны туралы ақпарат таратқан еді.

Азаттықтың Өзбек қызметіне берген жауабында сенатор Каримовтың денсаулығы жақсы екенін және оның бейсенбіде болатын сенат отырысына қатысуы мүмкін екенін де айтқан.

Оппозициялық ақпарат құралдары Өзбекстан үкіметіндегі дереккөзіне сүйеніп, Каримовті "ауыр халде" деген ақпарат таратқан. Бірақ президенттің қызы Гүлнара Каримова сәрсенбіде Twitter-дегі парақшасында әкесінің денсаулығы нашарлады дегендерді "ақылынан адасқандар болуы керек" деген. Ол әкесінің Ташкентте Наурыз мерекесінде 20 минут бойы "билегенін" алға тартқан.

75 жастағы Ислам Каримов Өзбекстанды тәуелсіздік алғалы бері, 25 жылға жуық уақыт бойы басқарып келеді.
XS
SM
MD
LG