Accessibility links

41 адамның "Таблиғи жамағатқа" мүше" екені айтылды


"Жамбыл облысының шетелдерде теологиялық оқу орындарында оқып жатқан 41 азаматы тыйым салынған "Таблиғи жамағат" діни ұйымының мүше болған деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі.

Бұл жайында бүгін Жамбыл облысының Қордай ауылында өткен "Таблиғи жамағат - деструктивті діни қозғалыс" деген тақырыптағы конференцияда облыстық экстремизммен күрес басқармасы бастығының міндетін атқарушы Науатбек Қалымбетов айтқан. Оның ақпараты бойынша, "Таблиғи жамағат" ұйымына мүше болған облыс азаматтарының 27-сі Пәкістанда, 11-і Малайзияда, үшеуі Бангладеште оқиды".

Қалымбетовтың айтуынша, ұйым мүшелері шетелдердегі оқуын бітірген соң "экстремистік ұстанымдарын Қазақстан қоғамына енгізуге тырысады".

Конференцияны дін істері агенттігі мен Жамбыл облыстық әкімдігі ұйымдастырған. Оған Тәжікстан мен Өзбекстаннан да өкілдер қатысқан.

Ақпан айының соңында Астананың Сарыарқа аудандық соты "Таблиғи жамағат" ұйымын экстремистік деп танып, Қазақстан аумағындағы қызметіне тыйым салған еді.
XS
SM
MD
LG