Accessibility links

Тибетте 83 адамды көшкін басып қалды


Көшкін болған жердегі құтқару жұмыстары. Көрнекі сурет.
Көшкін болған жердегі құтқару жұмыстары. Көрнекі сурет.
Жұма күні Тибет астанасы Лхасаның маңында көлемі 2 миллион текше метрдей болатын тау жыныстары мен лай аралас көшкін кеншілер тұрып жатқан шағын кентті басып қалған.

Қытай мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, теңіз деңгейінен 4600 метр биікте орналасқан апат болған жерде жүздеген құтқарушы жұмыс істеп жатыр, бірақ көшкін астында қалып қойған 83 адамнан әзірге тірі қалған ешкім табылмаған.

Сондай-ақ, наурыздың 29-ы күні кешке Қытайдың солтүстік-шығысындағы Цзилинь провинциясында көмір шахтасында газ жарылысы салдарынан кемінде 28 адам мерт болған. Ал Байшан қаласына жақын жердегі тағы бір шахтадағы апаттан соң 13 адам құтқарылған. Ондағы апаттың себебі әзір белгісіз.
XS
SM
MD
LG