Accessibility links

ОАР-да уақытша үкімет құрылды


Орталық Африка Республикасының бұрынғы президенті Франсуа Бозизе.
Орталық Африка Республикасының бұрынғы президенті Франсуа Бозизе.
Өзін өзі Орталық Африка республикасының (ОАР) президенті деп жариялаған Мишель Джотодия елдің уақытша үкіметін құрды.

Мишель Джотодия 24 наурызда мемлекеттік төңкеріс нәтижесінде билікке келген еді. Төңкеріс кезінде ел астанасы Банги қаласына мыңдаған көтерілісші кіргізіліп, президент Франсуа Бозизені орнынан кетірген.

Мишель Джотодияның өзі жаңа үкіметте қорғаныс министрі қызметін иеленбек. Ал үкіметті азаматтық оппозиция өкілі Николя Тьянгайе басқарады. Мишель Джотодия алдағы үш жылда сайлаулар өткізіп, 2016 жылы отставкаға кететінін мәлімдеген.

АҚШ үкіметі 30 наурызда тек Николас Тьянгайені ғана Орталық Африка республикасы үкіметінің басшысы ретінде танитынын мәлімдеген. Бұрынғы президент Франсуа Бозизенің өзі 2003 жылы мемлекеттік төңкеріс нәтижесінде билікке келген еді.
XS
SM
MD
LG