Accessibility links

ХАМАС басшысы 4 жыл мерзімге қайта сайланды


Палестиналық ХАМАС қозғалысының басшысы Халед Машаль. Тегеран, 2011 жылдың қазаны.
Палестиналық ХАМАС қозғалысының басшысы Халед Машаль. Тегеран, 2011 жылдың қазаны.
Палестиналық ХАМАС қозғалысының басшысы Халед Машаль ұйым жетекшісі болып төрт жыл мерзімге қайта сайлады. Ұйымды 1996 жылдан бері басқарып келе жатқан 56 жастағы Халед Машаль өткен жылы жаңа мерзімге қайта сайланудан бас тартқан еді. Бірақ одан өзге кандидат болмады.

Машаль үш жылға созылған құпия сайлау процесі негізінде сайланған. Оған ХАМАС-тың Газа секторындағы, Иордан өзенінің батыс жағалауындағы өкілдері, Израиль түрмелерінде отырған және қуғында жүрген мүшелері де қатысқан.

Машальдің қайта сайлануының қозғалыс үшін маңызы зор. Себебі ХАМАС пен Палестина президенті Махмуд Аббас басқаратын "Фатх" қозғалысы бітімге келу процесінде оның қолдауына зәру.
XS
SM
MD
LG