Accessibility links

Дамаскіде еврейлердің ежелгі синагогасы бүлінді


Дамаск маңындағы қақтығыс болған аймақ. Сирия, 19 наурыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет).
Дамаск маңындағы қақтығыс болған аймақ. Сирия, 19 наурыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет).
Дамаскідегі қақтығыстарда еврейлердің тарихи Джобар синагогасы зардап шекті. Қалалық тарихи ескерткіштер департаментінің бастығы Мамун Абдулкаримнің айтуынша, синагога аса қатты бүлінбеген. Соққыдан соң храмнан алтыннан жасалған шырағдандар мен иконалар ұрланған.

Синагога Інжілде айтылатын Ілияс пайғамбардың құрметіне екі мың жыл бұрын тұрғызылған. Ол әлемдегі ең көне синагогалардың бірі деп саналады.

Храмда сақталған мыңдаған құнды қолжазбалар қаланың ескі бөлігіндегі ЮНЕСКО-ның қорғауына алынған басқа синагогаға апарылды.

Сириядағы азаматтық соғыстан тарихи ескерткіштер, оның ішінде ежелгі базарлар, мешіттер мен шіркеулер бүлініп жатыр.
XS
SM
MD
LG