НАСА климатологы, климаттың өзгеруі туралы тұжырымды алғаш айтқандардың бірі Джеймс Хансен зейнетке шығатын болды. 46 жыл ғылыми жұмыспен айналысқан 72 жастағы Хансен зейнетке шығатыны туралы New York Times газетіне жіберген электронды хатында мәлім еткен.
1988 жылы Хансен АҚШ конгресінде адам іс-әрекетінің салдарынан климаттың өзгеруі жайлы айтып, ақпарат құралдарына жаза бастаған еді. Бұдан соң оған климаттың өзгеруі туралы теорияға күмәнмен қараушылар шабуыл жасаған. АҚШ президенті кіші Джордж Буш әкімшілігі 2005 жылы оның зерттеулеріне цензура қоюға да тырысқан.
Джеймс Хансен соңғы жылдары жұмыс істеген Goddard институты басшысының орынбасары Гэвин Шмидттың айтуынша, ғалым соңғы 40 жылда климаттың өзгеруін зерттеу саласындағы жетістіктердің көш басында жүрген.
Хансен зейнеткерлікке шыққан соң өндірістік газдарының ауаға бөлінуін азайтуға бағытталған заңнамаларды дайындаумен айналысатынын айтады.