Accessibility links

Адвокат: Ата-анасы Шаттоның ауыратынын білмеген


Америкалық отбасы асырап алған ресейлік Макс Шатто (Максим Кузьмин) .
Америкалық отбасы асырап алған ресейлік Макс Шатто (Максим Кузьмин) .
Ресейлік 3 жастағы бала Макс Шаттоны (бұрынғы аты-жөні Максим Кузьмин) асырап алған америкалық ерлі-зайыптының адвокаты "баланы асырап алушыларға оның денсаулығында психологиялық ауытқу бар екенін айтпаған" деп мәлімдеді.

Адвокат Майкл Браун Азаттық радиосына "Лаура мен Алан Шаттоға Макс Шаттоны Псков облысының балалар үйінен асырауға алатын кезде баланың денсаулығы жайлы жөнді ақпарат бермегенін" айтты.

Үш жастағы ресейлік Макс Шатто (Максим Кузьмин) қаңтар айында қайтыс болған. Дәрігерлер оны "психологиялық ауытқудан өз-өзін жарақаттап, кездейсоқ қайтыс болды" деген тұжырым жасаған еді.

Майкл Браун ерлі-зайыптыларға "бала ауыр алкогольді синдромға шалдыққаны туралы ескертілмегенін" айтады.

Бірақ Ресей үкіметі баланың өлімін асырап алған анасынан көріп, ол үлкен дауға айналды. Ресейлік шенеуніктер ерлі-зайыпты Шатто асырап алған ресейлік тағы бір бала - Кристоферді (Кирилл) еліне қайтаруды талап еткен. Бірақ адвокат америкалық ата-ананың Кристоферді асырауға құқы бар деп біледі.
XS
SM
MD
LG