Accessibility links

Ғалымдар: Таз болғандар жүрек ауруына ұшырайды


Тәжірибе жүргізіп жатқан ғалымдар (Көрнекі сурет).
Тәжірибе жүргізіп жатқан ғалымдар (Көрнекі сурет).
Жапон ғалымдары кейбір басы таз еркектерде жүрек ишемиясы ауруына шалдығу қаупі жоғары болады деген ғылыми болжам жасады. Бұл туралы 3 сәуірде BMJ Open ғылыми журналында жарияланған баяндамада айтылады. Онда шашы түсіп қалған ерлердің 32 пайызы жүректің ишемиялық дертіне шалдыққандар екені көрсетілген.

Токио университеті ғалымдарының айтуынша, қауіп тек басының төбе тұсындағы шашы түскен ерлерде ғана жоғары. Ал басының алдыңғы тұсы, маңдайының шашы жоқтар мұндай ауруға шалдықпайды.

Ғалымдар таз болудың жүрек ауруларымен байланысы барын анықтағанымен, оның нақты себебін біле алмай отыр.

Бірақ, ғалымдар жүргізген зерттеулеріне қарамастан таз ауруынан гөрі темекі шегу, семіздік, қан құрамында холестериннің көп болуы мен қан қысымы жүрек ауруларының басты себебі екенін айтады.

Зерттеуге АҚШ пен Еуропада 1993-2008 жылдар аралығында 37 мың еркек қатысқан.
XS
SM
MD
LG