Accessibility links

Украинада бұрынғы министрге рақымшылық жасалды


Бұрынғы министр Юрий Луценко. Украина, 7 сәуір 2013 жыл.
Бұрынғы министр Юрий Луценко. Украина, 7 сәуір 2013 жыл.
Украина президенті Виктор Янукович бұрынғы ішкі істер министрі, экс-премьер Юлия Тимошенконың саяси серігі Юрий Луценкоға рақымшылық жасады. Луценко "қаржы жымқырды" және "заңсыз аңду жүргізді" деген айыптармен төрт жылға сотталған еді.

Украина президенті сайтындағы хабарламада рақымшылық Украина және Еуропа шенеуніктерінің, оның ішінде Польшаның бұрынғы президенті Александр Квасьневский мен Еуропарламенттің бұрынғы президенті Пэт Кокстің өтініші бойынша жасалғаны айтылады.

Луценкомен бірге бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрі Георгий Филипчукке және тағы бес адамға рақымшылық жасалған. Қазір олардың барлығы бостандықта.

Рақымшылық жасалғандардың арасында қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыпталып, 7 жылға сотталған экс-премьер Юлия Тимошенко жоқ. Тимошенконың жақтастары оған қарсы істің саяси астары бар деп санайды.
XS
SM
MD
LG