Accessibility links

Мемлекет басшылары Тэтчердің қазасына көңіл айтты


Ұлыбританияның бұрынғы және қазіргі премьер-министрлері Маргарет Тэтчер (сол жақта) мен Дэвид Кэмерон. Лондон, 10 маусым 2010 жыл.
Ұлыбританияның бұрынғы және қазіргі премьер-министрлері Маргарет Тэтчер (сол жақта) мен Дэвид Кэмерон. Лондон, 10 маусым 2010 жыл.
Әлем елдерінің басшылары, саясаткерлер Ұлыбританияның бұрынғы премьері Маргарет Тэтчердің қайтыс болуына орай көңіл айту жеделхаттарын жолдап, саясаткер туралы пікірлерін білдіріп жатыр.

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмероннің өзі бұған орай "біз ұлы жетекшіден, талантты премьер-министрден айырылдық" деді. Ал АҚШ президенті Барак Обама "Америка шынайы жолдасынан, ал әлем еркіндік пен бостандықтың ұлы жеңімпазынан айырылды" деді. Обама қарапайым отбасынан шыққан Тэтчердің өмірі "бүгінгі күнгі әйелдерге үлгі болатынын" да айтты.

СССР-дің бұрынғы президенті Михаил Горбачев "Маргарет Тэтчер ұлы саясаткер және жарқын тұлға болды, ол біздің жадымызда және тарихта қалады" деді.

Ал Еуропа комиссиясының президенті Жозе Мануэль Баррозо Тэтчерді "мемлекеттік қайраткер және Еуропа Одағындағы ең қырағы саясаткер" деп атады.

Маргарет Тэтчер 8 сәуірде 87 жасында инсульттен қайтыс болды.
XS
SM
MD
LG