Accessibility links

Петропавлда 126 пәтерлік жаңа үйді жарамсыз деп тапты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы Петропавл қаласындағы жаңадан салынған 126 пәтерлік тұрғын үйді пайдалануға жарамсыз деп танығаны туралы ақпарат құралдары хабарлады.

Сонымен бірге 90 пәтерлік тағы бір жаңа үй де сапасыз салынғандықтан пайдалануға берілмеген. Бұл үйлерге жүргізілген зерттеу барысында құрылыстың сапасыз салынғаны анықталған.

Петропавл қаласының прокуратурасы тексеру нәтижесінің негізінде "бюджет қаржысын ысырап ету" бабы бойынша қылмыстық іс ашу туралы шешім қабылдаған. Бұл үйлерді салу үшін 900 миллион теңге (5,9 миллион АҚШ доллары) жұмсалған.
XS
SM
MD
LG