Accessibility links

Польшада Ресей елшілігі алдында наразылық болды


Апатқа ұшыраған Ту-154 ұшағы. Смоленск, Ресей, 26 сәуір 2010 жыл.
Апатқа ұшыраған Ту-154 ұшағы. Смоленск, Ресей, 26 сәуір 2010 жыл.
Варшавадағы Ресей елшілігінің алдында жүздеген адам осыдан үш жыл бұрын президент Лех Качинский қаза тапқан ұшақ апатын Ресейден көріп, наразылық танытты. Акцияны оппозициялық оңшыл партиялар ұйымдастырды.

2010 жылдың 10 сәуірінде Ресейдің Смоленск облысында бортында сол кездегі президент Лех Качинский мен өзге 95 адам отырған Ту-154 ұшағы апатқа ұшырап, экипаждың барлық мүшесі мен жолаушылар түгел қаза тапқан. Апатқа сараптама жасаған ресейлік және польшалық мамандар "апат ұшақты тұманды ауа райында қондырмақ болған пилоттың кінәсінен болды" деп тұжырған.

Тергеушілер "арандату немесе қастандық болды" деген болжамдарды жоққа шығарған.

Бірақ кейбір польшалықтар апатты Мәскеудің саясатын сынап жүрген Качинскийдің көзін жою үшін қолдан жасалған деп санайды.
XS
SM
MD
LG