Accessibility links

Иванишвили: Саакашвилиден жауап алынуы мүмкін


Грузия президенті Михаил Саакашвили (сол жақта) мен премьер-министр Бидзина Иванишвили. Тбилиси, 4 наурыз 2013 жыл.
Грузия президенті Михаил Саакашвили (сол жақта) мен премьер-министр Бидзина Иванишвили. Тбилиси, 4 наурыз 2013 жыл.
Грузия премьер-министрі Бидзина Иванишвили "президент Михаил Саакашвили 2008 жылы Ресеймен арадағы әскери жанжалға қатысты жауап беруі мүмкін" деп мәлімдеді. Иванишвили сәрсенбіде журналистерге "Грузиялықтарға ол соғыстың шындығы ешқашан айтылған жоқ" деді.

Иванишвилиден бірнеше сағат бұрын қорғаныс министрі Ираклий Аласания телеарнаға сұхбат беріп, министрлік 2008 жылы тамызда болған сегіз күндік әскери қақтығысты тексеретінін айтқан еді.

2008 жылы тамызда Ресеймен арада болған қысқа мерзімдік жанжалдан соң Ресей Грузияның бүлікшіл Оңтүстік Осетия мен Абхазия аймақтарын тәуелсіз деп таныған.

Сәрсенбіде парламенттегі басқарушы "Грузия арманы" депутаттық коалициясының жетекшісі Давид Сангелидзе жаңа парламенттік комиссия қақтығыстың шығу себептері мен салдарын тексеретінін айтқан.

Бидзина Иванишвилидің "Грузия арманы" блогы 2012 жылы күзде болған парламенттік сайлауда Саакашивилидің "Біріккен ұлттық қозғалыс партиясынан" басым түсіп, үкіметті құрған.
XS
SM
MD
LG