Accessibility links

Германияның экс-президентіне айып тағылды


Германияның бұрынғы президенті Кристиан Вульф. Ауғанстан, Кабул, 16 қазан 2011 жыл.
Германияның бұрынғы президенті Кристиан Вульф. Ауғанстан, Кабул, 16 қазан 2011 жыл.
Ганновер қаласының прокуратурасы Германияның бұрынғы президенті Кристиан Вульфтің үстінен сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен қылмыстық іс қозғады.

Прокурорлардың хабарлауынша, Вульф 2008 жылы Мюнхенге кинофестивальге барғанында экс-президенттің өзі мен отбасы үшін қонақүй мен жүріп тұру шығынын (4 мың еуро) продюсердің төлегеніне қатысты дауға бола айыпталып отыр. Экс-президентке бұған дейін істі жабу үшін тек айыппұл төлей салу ұсынылған. Бірақ ол өзінің кінәсіз екенін дәлелдеу үшін одан бас тартып, соттасатынын айтқан.

Кристиан Вульф 2012 жылы ақпанда сыбайлас жемқорлыққа қатысты даудан соң отставкаға кеткен еді. Ол 2010 жылы президент болып сайланбай тұрып, Төменгі Саксония аймағының губернаторы болып тұрған кезінде қайырымдылық қорының қаржысын жұмсады деген күдікке ілінген еді.
XS
SM
MD
LG