Accessibility links

Түркияда "құдайға тіл тигізген" пианист сотталды


Түркиялық пианист Фазыл Сай. Париж, 9 ақпан 2010 жыл.
Түркиялық пианист Фазыл Сай. Париж, 9 ақпан 2010 жыл.
Стамбул соты танымал түрік пианисі Фазыл Сайды "құдайға тіл тигізді" деп айыптап, 10 ай мерзімге шартты түрде соттады. Судья музыкантқа өткен жылдың сәуір айында Twitter-де жазған комментарийлерінде "ислам құндылықтарын қорлады" деп кінә артқан. 43 жастағы пианист үкім шыққанда сотқа қатыспады.

Фазыл Сай Түркияның басқарушы Әділет және даму партиясын сынап жүретін еді. Ол өзіне тағылған айыпты мойындамайды және істі партия ұйымдастырған деп санайды.
XS
SM
MD
LG