Accessibility links

Оңтүстік Кореяда АҚШ әскери тікұшағы құлады


АҚШ-тың CH-53 әскери тікұшағы. (Көрнекі сурет).
АҚШ-тың CH-53 әскери тікұшағы. (Көрнекі сурет).
Оңтүстік Кореяда АҚШ-тың әскери тікұшағы құлады деп хабарлайды France Press агенттігі.

Америкалық әскерилердің айтуынша, CH-53 ауыр әскери тікұшағы Солтүстік Корея шекарасына жақын маңда, Сеулдің солтүстігіндегі Чхорвон қаласында қонар кезде апатқа ұшыраған. Тікұшақта үш экипаж мүшесінен өзге 13 адам болған. Құрбан болған ешкім жоқ. Тікұшақ әскери жаттығу жасап жүрген.

АҚШ мен Оңтүстік Корея өткен айда сәуірдің соңына дейін созылатын бірлескен әскери жаттығу бастаған еді. Солтүстік Коеря бірлескен әскери жаттығуларға наразылық білдіріп, АҚШ-тың аймақтағы әскери базалары нысанаға алынғанын және Сеулмен "соғыс жағдайында тұрғанын" мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG