Accessibility links

Зілзаладан Пәкістанда 34 адам мерт болды


Иранда жер сілкінген аймақ. 16 сәуір 2013 жыл.
Иранда жер сілкінген аймақ. 16 сәуір 2013 жыл.
Сейсенбіде Иранның оңтүстік-шығысында, Пәкістанмен шекаралас тұсында болған күшті жер сілкінісінен Пәкістанда 34 адам құрбан болып, 80 адам жараланды. Мерт болғандар мен зардап шеккендердің барлығы - Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясына қарайтын Машкель қаласының тұрғындары.

Иранның IRNA агенттігінің хабарлауынша, билік зілзала болған аймақта төтенше жағдай жариялаған. Бірақ Тегеран қандай да бір зардап шеккен ирандықтар туралы ақпараттар айтқан жоқ.

Зілзала бола сала Иранның мемлекеттік телеарнасы әуелде 40 адамның қаза тапқаны туралы хабарлаған еді. Бірақ кейін елдің Систан мен Белуджистан провинцияларының басшылары ол ақпаратты растамады.

АҚШ геология қызметі жер сілкінісінің магнитудасы 7,8 балл болғанын айтады. Зілзала ошағы - екі ел шекарасынан 50 шақырым жердегі Сараван қаласының маңы.

Дүмпу Парсы шығанағы мен Оңтүстік Азия аймағындағы кейбір елдерде, тіпті Үндістан астанасы Делиде сезілген.
XS
SM
MD
LG