Accessibility links

Венесуэлада шерулерде 7 адам мерт болды


Сайлаудан кейін оппозиция жақтастары ұйымдастырған наразылық шерулері. Каракас, 15 сәуір 2013 жыл.
Сайлаудан кейін оппозиция жақтастары ұйымдастырған наразылық шерулері. Каракас, 15 сәуір 2013 жыл.
Венесуэла прокуроры Луиза Ортеганың мәлімдеуінше, елде президент сайлауының нәтижелері шыққан соң басталған наразылық акцияларында жеті адам қаза тапты. Бірақ прокурор олардың қайда және қандай жағдайда қаза болғандарын айтпады. Оның сөзінше, 135 адам жараланған.

Дүйсенбіде елдің уақытша президенті Николас Мадуро оппозициялық кандидат Энрике Каприлестен аз ғана басым дауыс жинап, президент болып сайланған еді. Осы хабардан соң Каракас пен басқа да қалаларда наразылық акциялары басталған. Каприлес жеңілгенін мойындамай, дауыстарды қайта санауды талап еткен. Мадуро оппозицияны "елде мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды" деп айыптайды.

Өткен айда қатерлі ісіктен қайтыс болған экс-президент Уго Чавес өзі ауруханада жатқанда вице-президент Николас Мадуроны ел басшысы міндетін атқарушы етіп қалдырған еді.
XS
SM
MD
LG