Accessibility links

Маргарет Тэтчерді жерлеу рәсімі өтті


Маргарет Тэтчердің денесі салынған табыт. Лондон, 17 сәуір 2013 жыл.
Маргарет Тэтчердің денесі салынған табыт. Лондон, 17 сәуір 2013 жыл.
Лондонда Ұлыбританияның экс-премьері Маргарет Тэтчерді жерлеу рәсімі өтті. Тэтчер 2013 жылы 8 сәуірде 87 жасында инсульттен қайтыс болған еді.

Жерлеу рәсіміне Ұлыбритания ханшайымы Елизавета, әлем елдерінен келген басшылар мен делегациялар қатысты. Тэтчер 1979-1990 жылдары премьерлік қызмет атқарып, Ұлыбритания тарихына алғашқы әйел премьер ретінде енді.

Марқұмның денесі салынған табыт Лондон көшелерімен өткізіліп, Әулие Павел соборына жеткізілді.

Жерлеу рәсіміне бірнеше мың адам қатысты. Олардың арасында АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Генри Киссинджер, Джордж Шульц және Джеймс Бейкер болды.

Маргарет Тэтчерді көп адамдар Ұлыбританияның кері кеткен экономикасын қалпына келтіргені үшін бағалайды. Бірақ кейбір ұлыбританиялықтар оның "мемлекетті экономикаға араластырмау" саясатын сынайды.
XS
SM
MD
LG