Пәкістанның бұрынғы президенті, 69 жастағы отставкадағы генерал Первез Мушарраф өзін тұтқындау туралы соттың ордеріне шағымданбақ.
Первез Мушарраф бүгін өзінің үстінен жүріп жатқан сот отырысына қатысқан еді. Тыңдауда Исламабад соты оны тұтқындауға ордер беріп, полиция бірден тұтқындамақ болған. Бірақ күзетшілері мен оққағарлары оған үлгертпей, Мушаррафты көлігіне мінгізіп әкеткен. Бұдан соң ол Исламабад маңындағы қатаң күзетілген үйіне орнықты.
Мушаррафтың көмекшісі Мохаммад Амджад осыдан соң журналистерге экс-президенттің бүгін кешке сот ордеріне шағым беретінін мәлімдеді.
Генерал Мушарраф 1999 жылы қантөгіссіз төңкеріс арқылы билікке келген еді. Ол 2007 жылы қайтадан президент болып сайланғанымен, 2008 жылы саяси қысым әсерінен президенттіктен бас тартқан. Содан бері өз еркімен Лондон мен Дубайда өмір сүріп, наурызда елдегі сайлауға қатысу үшін отанына оралған.
Мушаррафқа 2007 жылы билік еткен кезінде жоғарғы соттың бірнеше шенді судьясын қызметінен босатты деген айып тағылған. Ал 17 сәуірде сот оның елдегі сайлауларға түсуіне тыйым салды.