Accessibility links

БАӘ-де "Әл-Қаиданың" 7 "күдікті мүшесі" ұсталды


Йеменде "Әл-Қаидаға" мүше деген күдікпен ұсталғандар. Сана, 12 ақпан 2013 жыл. (Көрнекі сурет).
Йеменде "Әл-Қаидаға" мүше деген күдікпен ұсталғандар. Сана, 12 ақпан 2013 жыл. (Көрнекі сурет).
Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) "Әл-Қаида" ұйымымен байланысы бар деген күдікпен жеті адам тұтқындалды.

Мемлекеттік WAM агенттігінің хабарлауынша, ұсталған жеті адам "мемлекеттің, оның азаматтары мен шетелдіктердің қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрекет ұйымдастырмақ болды" деген күдікке ілінген. Ұсталғандар - түрлі араб ұлтының өкілдері.

Агенттік келтірген құзырлы органның мәлімдемесінде олардың "Әл-Қаида" қатарына адам тартып, ұйымға қаржылай және техникалық көмек көрсеткені және шетелдерде ұйым қызметін кеңейту жолдарын іздестіргені" айтылады.

Ұсталғандарды тергеу жұмыстары басталған.
XS
SM
MD
LG