Accessibility links

Ұлыбританиядағы ең бай адам - ресейлік магнат


Ұлыбританиядағы ең бай адам деп танылған ресейлік магнат Алишер Усманов.
Ұлыбританиядағы ең бай адам деп танылған ресейлік магнат Алишер Усманов.
Sunday Times газеті ресейлік магнат Алишер Усмановты Ұлыбритания мен Ирландияның ең бай адамы деп жариялады. Басылымның дерегі бойынша, "Металлоинвест" металлургиялық холдингінің иесі әрі "Арсенал" футбол клубы акциясының 30 пайызына ие 59 жастағы Усмановтың байлығы 20,3 милилард АҚШ долларын құрайды. Мұнай бароны Пол Геттидің бұрынғы резиденциясы Усмановтың иелігінде.

Байлар тізімінде екінші орында - Усмановтың отандасы, Warmer Music компаниясының иесі Лен Блаватник тұр. Ол өткен жылы TNK-BP ірі мұнай компаниясындағы үлесін екі миллиард АҚШ долларына сатқан.

"Челси" футбол клубының қожайыны, ресейлік олигарх Роман Абрамович бесінші орынды иеленген. Басылым Ұлыбританиядағы ең бай 200 адамның бақылауындағы капитал 485 миллиард АҚШ долларын құрайтынын айтады.
XS
SM
MD
LG