Accessibility links

Бірінші Палестина марафоны өтті


Иордан өзенінің Батыс жағалауында жексенбіде 650 адам қатысқан марафон өтті. Халықаралық деңгейде өткен марафонға қатысушылар Вифлеемдегі Христ базиликасынан бастап қала көшелерін жүгіріп өтті.

Шараны ұйымдастырған даниялық Right to Movement ұйымының дерегі бойынша, марафонға 28 елдің азаматы қатысқан. Олардың 37 пайызы - әйелдер.

Биыл БҰҰ-ның палестиналық босқындар ісі жөніндегі агенттігі Газа секторында ұйымдастырмақ болған марафон өткізілмей қалды еді. Газа секторына бақылау жасайтын ХАМАС ұйымы оған әйелдердің қатысуына тыйым салған.
XS
SM
MD
LG