Accessibility links

Наполитано қайтадан Италия президенті болды


Италия президенті Джорджио Наполитано.
Италия президенті Джорджио Наполитано.
Италия президенті Джоджио Наполитано ел тарихында тұңғыш рет екінші рет президент болып тағайындалды. 87 жастағы саясаткер отставкаға кеткісі келгенімен, саяси партиялар мұрагер таңдау мәселесінде бір тоқтамға келе алмай, оны екінші мерзімге тағайындады.

Наполитано Италияның депутаттар палатасында өткен ресми ұлықтау рәсімінде партияны жеделдетіп үкімет жасақтауға шақырды. Ақпанда өткен парламент сайлауында солшыл блок депутаттар палатасында көпшілік орынды иеленіп, оңшыл күштер сенатта басымдыққа ие болған соң үкіметті жасақтау процесі кешеуілдей берген еді.

Наполитано италиялық саясаткерлерді "халықтың елде өзгерістер жасауды сұраған үндеулерін естімей отыр" деп айыптады. Ол "саясаткерлердің дағдарысқа ұшыраған Италияда экономикалық және саяси реформалар жасай алмай отырғаны кешірілмес нәрсе" деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG