Accessibility links

Канадада 2 адам "теракті жасамақ" болды деп ұсталды


Канада полициясы екі адамды тұтқындап, "жолаушылар пойызына террористік шабуыл жасамақ болды" деген айып тақты. Канада корольдік полициясы "ұсталған Шихеб Эссехайер мен Раид Ясир "Әл-Қаиданың" қолдауымен пойызға шабуыл ұйымдастыруға сөз байласты" дейді.

Күдіктілер Канада құқық қорғау органдары, АҚШ-тың федералды тергеу бюросы және ішкі қауіпсіздік департаменті бірлесе жүргізген шаралар нәтижесінде тұтқындалған.

АҚШ әділет министрлігінің аты-жөнін атамаған өкілі Associated Press агенттігіне "ұсталғандар мен Бостондағы жарылыстың арасында байланыс жоғын" айтады.
XS
SM
MD
LG