Қазақстан парламенті мәжілісі сәрсенбіде «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заң жобасын мақұлдады деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі. Бұған дейін заң жобасы мәжілісте мақұлданып, сенат қарауына жіберілген еді. Бірақ сенат заң жобасына ілеспе «Дербес деректер және оларды қорғау бойынша заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу» атты жобаға бірнеше түзету жасап, мәжіліске қайтарып берген.
Ереже бойынша заң жобасы енді президенттің қол қоюына жіберілуі тиіс.
Заң жобасын ұсынған ішкі істер министрлігінің ресми түсіндіруі бойынша, заңның мақсаты – азаматтардың дербес деректерін жинау және өңдеу кезінде оның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету. Жоба дербес деректерді жинауға, өңдеуге және қорғауға байланысты субъект, меншік иесі, оператор және үшінші тұлға арасындағы қатынастарды реттейді, олардың құқықтары мен міндеттерін заңнамалық тұрғыда белгілейді.
Бірақ кейбір журналистер мен құқық қорғаушылар "бұл заң билік иелерінің мүддесі үшін қажет" деп санайды. Құқық қорғаушылардың басым көпшілігі бұл заңды асыра қолданудан ақпарат құралдары өкілдері көбірек зардап шегуі мүмкін деген қауіп айтқан.