Accessibility links

Қытайдың этникалық ұйғырлар тұратын Шыңжаң аймағында қақтығыстар болып, 21 адам қаза тапты деп хабарлады France Press агенттігі.

Жергілікті билік өкілі агенттікке қақтығыстың сейсенбі күні болғанын айтқан. Үкіметшіл Tianshan Net веб-сайтының хабарлауынша, қақтығыс Шыңжаң провинциясының батысындағы Бачу аймағында полиция қару сақтады деген күдікпен жергілікті тұрғындардың үйлерін тінтуге келгенде туындаған. Веб-сайт мерт болғандардың 15-і - полиция немесе әлеуметтік сала қызметкерлері, өзгесі - жергілікті ұйғырлары екенін жазады.

Tianshan Net жанжалды "террорлық қанды оқиға" деп сипаттайды.

Шыңжаң аймағында бұдан бұрын да ұйғырлар мен полиция арасында қақтығыстар тұтанып, адам шығыны болған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG