Accessibility links

ҮЕҰ Ерімбетовтің мәлімдемесіне наразы


Қазақстанның азаматтық альянсының төрағасы Нұрлан Ерімбетов.
Қазақстанның азаматтық альянсының төрағасы Нұрлан Ерімбетов.
Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) бүгін Қазақстанның азаматтық альянсы үйлестіру кеңесінің төрағасы Нұрлан Ерімбетовтің ҮЕҰ-ны шетелдік қорлар мен ұйымдар қаржыландырмасын деген мәлімдемесіне қарсы шықты.

Бұл туралы альянсқа мүше ҮЕҰ жетекшілері таратқан бірлескен мәлімдемеде айтылады. Мәлімдемеге "Аман-саулық" қорының төрағасы Бақыт Түменова, "Аймақ", Инмир", "Ақпараттық бастама", "Қазақстанның дағдарыстық орталықтары одағы" ұйымдарының жетекшілері қол қойған.

"Біз, ҮЕҰ өкілдері Ерімбетовтің азаматтық қоғамды шетелдік қорлар мен ұйымдар қаржыландырмауы керек деген мәлімдемесіне алаңдаушылық білдіреміз. Оның бұл пікірі Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, азаматтық қоғамды дамытуға, елдің демократиялық мемлекет ретіндегі беделін арттыруға бағытталған саясатына қайшы деп санаймыз. Альянс жетекшісі Нұрлан Ерімбетов мәлімдемесін альянстың басқа мүшелерімен келіспей жасады және ол оның жеке көзқарасы деп саналуы тиіс" делінген мәлімдемеде.

22-сәуірде Ерімбетов шетелдік қорлардың қазақстандық ҮЕҰ-ны қаржыландыруына қарсы екендігін айтқан еді.
XS
SM
MD
LG