Accessibility links

Оралда Чернобыль апаты ардагерлері наразылық танытты


Оралда Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқан ардагерлер рұқсат етілмеген наразылық акциясын өткізді деп хабарлайды Қазақстанның социалистік қозғалысы өздерінің веб-сайтында.

Наразылық танытушылар коммуналдық қызмет ақысы мен тұрғын үй алуда өздеріне жеңілдіктер жасалуын және Орал қаласынан апатты жоюға қатысып, қайтыс болғандарға арналған ескерткіштің нақты қашан ашылатынын анықтауды талап еткен.

"Батыс Қазақстан облыстық Чернобыль мүгедектері мен ардагерлері" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асқар Таймановтың сөзінше, ардагерлер наразылыққа шарасыздықтан шығып отырғанын айтады.
XS
SM
MD
LG