Accessibility links

Ирак 10 телеарнаның жұмысын тоқтатпақ


Ирак үкіметінің жоғарғы шенді шенеунігі елде "зорлық-зомбылық пен дінаралық араздықты насихаттайды" деген себеппен "Әл-Жазира" телеранасы мен одан басқа тоғыз спутниктік телеарнаның лицензиялары тоқтатылғанын хабарлады.

Үкіметтің коммуникация және БАҚ бойынша комиссиясының өкілі Муджахид Әбу әл-Хаильдің айтуынша, үкіметтің бұл қадамы "аталған он телеарнаның елде жұмыс істеуіне шектеу қойып, мемлекеттің ішкі жағдайларынан хабар таратуына мүмкіндік бермеу" мақсатында жасалған.

Бірақ "Әл-Жазира" телеарнасы хабар таратпау туралы әлі ескерту алмаған.

Ирактың солтүстігінде 23 сәуірде сүнниттер мен полиция арасында қақтығыстан соң басталған зорлық-зомбылықтарда 180-нен астам адам қаза тапқан еді. Бұл - осыдан төрт ай бұрын сүнниттердің шииттік үкімет тарапынан жасалып жатқан қысымға наразылық танытуынан кейін болып отырған алғашқы ірі оқиға.
XS
SM
MD
LG