Accessibility links

Генерал-майор Асқар Бөлдешов 2 айға қамалды


Ақмола гарнизонының әскери соты әуе қорғаныс күштерінің бас қолбасшысының бұрынғы орынбасары Асқар Бөлдешовті екі айға қамау туралы санкция берді деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бөлдешовтің үстінен "қызмет өкілетін асыра пайдаланды" деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.

"Бөлдешов бостандықта жүрсе қызметтік өкілетін пайдаланып істің объективті қааралуына кедергі келтіруі мүмкін болғандықтан оны қамауға алу туралы шағым түсті" дейді баспасөз қызметі.

Бөлдешовті өткен аптада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері әскери техникаларды жөндеуден өткізу кезіндегі алаяқтық істерге қатысы бар деген күдікпен тұтқындаған еді.
XS
SM
MD
LG