Accessibility links

Ахмедьяровқа жасалған қастандыққа қатысты сот тыңдауы өтті


Журналист Лұқпан Ахмедьяров Азаттықтың Алматы бюросында отыр. 22 қазан 2012 жыл.
Журналист Лұқпан Ахмедьяров Азаттықтың Алматы бюросында отыр. 22 қазан 2012 жыл.
Орал қаласында Лұқпан Ахмедьяровқа жасалған қастандыққа қатысты алғашқы сот тыңдаулары өтті.

Іске қатысты 23 пен 34 жас аралығындағы төрт адам айыпталып отыр. Олар: Асхат Тахамбетов, Алмаз Батырхаиров, Манарбек Ақболатов және Мүрсәлім Сұлтангереев.

Бұл іске қатысты сот мамыр айының 14-і күні басталады.

2012 жылы 19 сәуір күні «Уральская неделя» газетінің тілшісі Лұқпан Ахмедьяровты үйінің алдында біреулер тапаншамен атып, бірнеше жерден пышақтап кеткен еді. Ахмедьяров ауыр жағдайда ауруханаға түсіп, аман қалды.

2012 жылдың желтоқсан айында «іске қатысты төрт адам ұсталып, қылмыстарын мойындады» деп бас прокуратура хабарлаған еді. Журналистің өзі шабуылды кәсіби қызметімен байланыстырған.
XS
SM
MD
LG