Accessibility links

Прагада қазақстандықтар да жараланған


Құтқарушылар жарақат алған адамдарға көмек көрсетіп жатыр. Прага, 29 сәуір 2013 жыл.
Құтқарушылар жарақат алған адамдарға көмек көрсетіп жатыр. Прага, 29 сәуір 2013 жыл.
Праганың орталығында жарылыс болып, 40 шақты адам жарақат алды. Олардың арасында Қазақстанның екі азаматшасы да бар.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің хабарламасында "Екі Қазақстан азаматшасының әйнек сынықтарынан жеңіл жарақат алғаны" айтылды.

Жарылыс Ұлттық театр жанында болған. Жақын үйлердің терезелері сынған. Маңайдағы көшелер жабылып, таяу мектептен адамдар сыртқа шығарылған. Полицияның болжамынша, тұрмыстық газ жарылған.
XS
SM
MD
LG