Accessibility links

Хамид Карзай ЦРУ-дан ақша алғанын растады


Ауғанстан президенті Хамид Карзай. Кабул, 6 наурыз 2013 жыл.
Ауғанстан президенті Хамид Карзай. Кабул, 6 наурыз 2013 жыл.
Ауғанстан президенті Хамид Карзай өз әкімшілігінің "өткен он жылда АҚШ орталық барлау басқармасынан (ЦРУ) ақша алып отырғанын" растады.

Ол қаржының "соншалықты көп емес" екенін және оның "қайырымдылық мақсаттарға жамсалғанын" мәлімдеген. Карзайдың айтуынша, қаржылай көмек "өте пайдалы болған".

Таяуда New York Times газетінде ЦРУ-дың Хамид Карзайға соңғы он жылда қолма-қол (чемоданға, пластик қапшыққа салып) ондаған миллион АҚШ долларын беріп келгені туралы мақала жарияланған еді. Ол мақалада АҚШ билігінің аты-жөні құпия өкілінің сөзі келтіріледі. Шенеуніктің сөзіне қарағанда, ЦРУ-дың Ауғанстанда ықпалға ие болу үшін берген қаржысы елде сыбайлас жемқорлықтың өсуіне себеп болып, дала командирлерінің билігін күшейтіп, АҚШ әскерінің Ауғанстаннан кетуін қиындатып жіберген.
XS
SM
MD
LG