Accessibility links

Шыңжаңда қақтығыстан соң 19 адам ұсталды


Қытайдың картасы. (Көрнекі сурет).
Қытайдың картасы. (Көрнекі сурет).
Қытай полициясы Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданында өткен аптада болған қақтығыстан соң 19 адамды тұтқындап, қолдан жасалған жарылғыш заттар мен қару-жарақ тәркілегенін хабарлады. Ұсталғандардың қай ұлт өкілі екені белгісіз.

Шыңжаңда жергілікті этникалық ұйғырлар мен полиция арасында қақтығыс болып, 21 адам (оның 15-і - полицей) қаза тапқан еді.

Шыңжаңда соңғы рет ең қанды қақтығыс 2009 жылы шілдеде болған еді. Ол кезде автономиялық аудан орталығы Үрімжі қаласындағы бүлікте 200-ге тарта адам мерт болған.

Шыңжаң - Қытайдың Орталық Азия, Ауғанстан және Пәкістанмен шектесетін аймағы. Мұнда тұратын жергілікті ұйғырлар Пекин тарапынан діни және мәдени қысым көретіндерін айтып, наразылық білдіріп тұрады.
XS
SM
MD
LG