Accessibility links

Сот Цукановтың шағымын қанағаттандырмады


Қарағандылық белсенді Андрей Цуканов.
Қарағандылық белсенді Андрей Цуканов.
Алматы қалалық соты министр Серік Әбденовке жұмыртқа лақтырған белсенді Андрей Цукановтың апелляциялық шағымын қанағаттандырмады деп хабарлады ақпарат агенттіктері.

26 сәуірде Алматыда журналистермен кездесуге келген еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовке қарағандылық белсенді Андрей Цуканов зейнетақы жүйесіндегі өзгерістерге наразылық ретінде жұмыртқа лақтырған еді. Әкімшілік сот сол күні оны "ұсақ бұзақылық жасады" деп айыптап, 7 тәулікке қамауға шешім шығарған.

Қалалық сот әкімшілік соттың шешімін өзгеріссіз қалдырып, белсендінің 3 мамырда босайтынын ескертті.

Серік Әбденов кейін Цукановқа кінә артпайтынын айтып, соттан оны босатуды сұраған еді.
XS
SM
MD
LG