Тәжікстанның Соғды облысының соты адам құқықтарын қорғаумен айналысатын үкіметтік емес "Азаматтық қоғам" ұйымын жабу туралы қалалық соттыңшешімін күшінде қалдырды. Бұл туралы Азатттықтың Тәжік редакциясы хабарлады.
Қаңтарда Худжанд қалалық соты ұйымды тіркеу құжаттарында "мекен-жайын дұрыс көрсетпегені және ұйым басшысының нақты көрсетілмегені үшін" жабу туралы шешім шығарған еді. Ұйым жетекшісі Мохинисо Хорисова сот шешімінің саяси астары бар деп, облыстық соттың қаулысына шағымданатындарын айтады.
"Азаматтық қоғам" ұйымы Тәжікстанда 11 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ұйым негізінен елдегі адам құқықтары, әлеуметтік мәселелер, құқықтық реформалар жүргізу жайында семинарлар, дөңгелек үстелдер, тренингтер өткізіп келеді. Бұған қоса ұйым біраздан бері президентті және парламентті сайлау заңдарын реформалау жайын да талқыға салып жүрген еді.
Тәжікстанда биыл қарашада президент сайлауы өтпек.