Accessibility links

Грекияда ереуілден қоғамдық көлік тоқтады


Грециядағы ереуіл. Афин, 1 мамыр 2013 жыл.
Грециядағы ереуіл. Афин, 1 мамыр 2013 жыл.
Грекияның ірі кәсіподақтары 24 сағаттық ереуілге шықты. Шерудің әсерінен елдің құрлықтағы бөлігі мен аралдары арасындағы қатынас тоқтап, теміржол көліктері жүрмей қалған. Қоғамдық автобустар да қызметін тоқтатқан.

Ереуілшілердің талаптары: мемлекеттік шығындарды қысқарту мен қатаң түрде үнемдеу шараларын тоқтату, жұмыссыздық мәселесін шешу, ұжымдық келісім-шарттарды қайта қалпына келтіру, еңбек күнін ұзарту туралы шешімді қайта қарау.

Еуропа Одағының статистикалық мәліметіне қарағанда, Грекиядағы жұмыссыздық рекордтық көрсеткішке - 27,2 пайызға жеткен. Оның 60 пайызы - жастар.

Грекия Халықаралық валюта қоры мен ЕО-дағы әріптес елдермен мемлекеттік шығындарды қысқарту, экономиканы қатаң түрде үнемдеу шаралары арқылы сауықтыру туралы келісімге қол қойған. Грекияны банкрот болудан құтқарып қалу үшін несие берушілер 200 миллиард еуро (260 миллиард АҚШ доллары - ред.) бөлуге келісім бергенімен, Грекиядағы экономикалық жағдай әлі түзелер емес.
XS
SM
MD
LG